Тәулігіне 2 350 адам коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін

815

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясының таралуына қатысты оптимистік және пессимистік сценарийдің болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тәулігіне 2 350 адам коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін

Министрдің мәлімдеуінше, оптимистік сценарийге сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші қарашада тәулігіне – 1 500, желтоқсанда – 1 100 болуы мүмкін.

"Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, коронавирус инфекциясына тосқауыл қоюдың барлық шараларын жүзеге асырып, мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр", – деді Алексей Цой.

Министрдің сөзінше, пессимистік сценарий бойынша қарашада тәулігіне – 1 800, желтоқсанда – 2 350 адам коронавирус инфекциясын жұқтыруы ықтимал. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу