Тәулігіне 350 мың адам инфекция жұқтырып жатыр

664

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты баяндама жасады. 

Тәулігіне 350 мың адам инфекция жұқтырып жатыр Фото: Максим Морозов

Министр әлем бойынша 174 728 428 азамат коронавирустан алысқанын айтып, тәулігіне 350 мың адам инфекция жұқтырып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Дүниежүзі бойынша 3,7 млн адам қайтыс болды. Адамдардың коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші 2,1%-ды құрады. Әлемдегі 221 елдің ішінде Қазақстан ауру көрсеткіші бойынша -105-ші, өлім көрсеткіші бойынша -111- ші орында тұр", – деді Алексей Цой. 

Министрдің мәлімдеуінше, 10 маусымда ел аумағында 397 976 науқас тіркелді. 

Алтыншы маусымнан бастап "Жасыл аймаққа" өттік. Қазір Нұр-Сұлтан – "Қызыл", Алматы, Атырау, Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары – "Сары", 10 өңір – "Жасыл" аймақта тұр. 

"Соңғы аптада коронавируспен ауырғандарың саны 11 мыңнан 8 мыңға азайды", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу