Тәулігіне 4 мың тонна бензин өндірілуде

985

Атырау мұнай өңдеу зауытында  жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Тәулігіне 4 мың тонна бензин өндірілуде

Бұл туралы энергетика министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28 сәуірде "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-да жөндеу жұмыстары жүргізіліп болғаннан кейін барлық қондырғылар технологиялық режимге шығарылды. Жоғарыдағы жұмыс нәтижесінде жоғары октанды бензин өндірісінің көлемі тәулігіне 4 мың тоннаға дейін, яғни 2 есе артты", - деп жазылды баспасөз қызметінің хабарламасында.

29 сәуірдегі жағдай бойынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерінің жиынтық қоры жеткілікті болды. Атап айтқанда бензин 267 мың, дизель отыны 335,3 мың тоннаны құрады.

"Бұл зауытта мұнай өнімдері тапшылығының жоқ екенінің нақты көрсеткіші", - деп нақтылады энергетика министрліктің баспасөз қызметі.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу