Таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аудандарында (2600 метрден жоғары аумақтарда) қар көшкіні болуы мүмкін. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Ал Шығыс Қазақстанның таулы өңірлерінде қар көшкінінің жүруін болдырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Таяудағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кейбір өзендерде судың көбеюуі ықтимал. Алматы облысының таулы аудандарында топырақта ылғалдың аса мол болуына байланысты лай көшіп, тастар құлауы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу