Таулы Қарабақта орыс тілі ресми деп танылды

975

Республикасының ендігі ресми тілдері – әдеби армян және орыс тілдері.

Таулы Қарабақта орыс тілі ресми деп танылды Фото: rbc.ru

Таулы Қарабақ Республикасының парламенті орыс тілін ресми тіл ретінде тану туралы заңнамалық түзетулер жобасын қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы республика президентінің баспасөз хатшысы Лусине Аванесянның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Парламент заң жобасын қабылдады, оған сәйкес орыс тілі ресми тіл деп танылды", – деді Аванесян.

Парламент сайтында бұрын жарияланған "Тіл туралы" заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Таулы Қарабақ Республикасының ресми тілдері – әдеби армян және орыс тілдері. Енді мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, мекемелер мен ұйымдар іс қағаздарын армян тілінде және қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізуге міндетті. Сонымен қатар республикада басылымдар, оқулықтар, оқу құралдарын, ғылыми-әдістемелік және басқа да кітаптар қос тілде шығарылмақ. 

Еске сала кетсек, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс басталған еді. 9 қарашада Ресей президенті Владмир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, қос тарап бітімге келген болатын.

Табиғат  Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу