Таулы Қарабақтың бұрынғы премьер-министрі Варданян ұсталды

459

Ол төрт айға қамауға алынды.

Таулы Қарабақтың бұрынғы премьер-министрі Варданян ұсталды Фото: strana.ua

Оған терроризмді қаржыландырды, заңсыз қарулы құралымдарды құруға және олардың қызметіне қатысты және мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылды, деп хабарлады Әзірбайжан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі.

Әзербайжанда танылмаған Таулы-Қарабақ республикасының бұрынғы Үкімет басшысы Рубен Варданянды төрт айға қамауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта Армения Республикасының азаматы болып табылатын 1968 жылы туған Варданян Рубен Карленовичке жиналған дәлелдемелер негізінде Әзірбайжан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-1 ("терроризмді қаржыландыру"), 279.3 ("заңда көзделмеген қарулы құралымдарды немесе топтарды құруға және олардың қызметіне қатысу") және 318.1 ("мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту") баптары бойынша айып тағылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталмыш баптар бойынша 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады.

Варданян 2022 жылдың қыркүйегінде "террористік және диверсиялық актілер жасау мақсатында" Әзербайжан мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Варданянды Әзірбайжан әскери күштері 27 қыркүйекте Арменияға кірмек болған кезде Лачинск дәлізіндегі бақылау бекетінде ұстады. Ол бірден Бакуге жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу