Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 46 Қаулысына сәйкес, КВИ инфекциясының тізбегін бұзу үшін арнайы шектеу шаралары енгізілді. Табиғи аймақтарға экскурсия жасап, топ болып баруға тыйым салынғанына қарамастан, мегаполис тұрғындары жаппай демалыстар ұйымдастыруда. Сонымен қатар от жаққанда қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан Алматының таулы-орманды аудандарында 215 құрғақ шөптердің жану оқиғасы тіркелді. Өрт қауіпі әлі де сақталуда", – деп хабарлады ТЖД.
ТЖД мен Табиғатты қорғау полициясы бірлесіп жүргізген патрульдеу жұмыстары басталғаннан бері таулы-орманды жерлерде 40 жеке тұлға ашық от жаққандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 277 мың 800 теңге айыппұл салынған. Бұған қоса "Еріктілер лигасы" мен аталған ведомстволар бірлесіп 4 мың жадынама таратқан.
Құралай Құдайберген