Тауық өнімдерін өндірушілер Қытай нарығына шығуға дайын

1177

Бірақ Қытайға тауық өнімдерін экспорттауға салынған тыйымды алып тастау үшін көмек қажет.  

Тауық өнімдерін өндірушілер Қытай нарығына шығуға дайын

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауының өршуі тіркелген ресейлік зауыттардан әкелінетін құс өнімдеріне шектеу қойды, деп хабарлайды жұмыртқа өндірушілер ассоциациясының баспасөз қызметі.

ҚР жұмыртқа өндірушілер ассоциациясы президенті Максим Божконың айтуынша, Қазақстанда құс тұмауының жағдайы бақылауда. Еліміздегі құс фабрикалары санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен бірге үнемі алдын-алу шараларын жүргіузуде.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауының өршуі тіркелген ресейлік зауыттардан әкелінетін құс өнімдерін импорттауға шектеу қойғандықтан, қазақстандық өндірушілерге көрші мемлекетте белең алған індеттен залал келмейді.

Ол сондай-ақ, Қырғызстан Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің араласуынан кейін қазақстандық тауық етін импортауға қойған шектеулерін алып тастағандығы тураы айтты. 

Қазіргі уақытта қазақстандық өндірушілер тауық жұмыртқасына деген мемлекет сұранысын 100%-ға қамтамасыз етіп отыр және өнімдерін көршілес елдерге экспорттауда. 2017 жылы Қазақстан Республикасында 5 086 471,3 мың жұмыртқа және 179 624,4 тонна тауық еті өндірілді. Отандық өндірушілер өндіріс қуатын арттыруға және Қытай нарығына шығуға дайын. Бірақ бұл үшін Қытайға тауық өнімдерін экспорттауға салынған тыйымды алып тастау бойынша көмек қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу