"Tax free" пилоттық жобасының географиялық ауқымы кеңейеді

559

"Tax free" пилоттық жобасына бірқатар өзгерістер енгізілмек.

"Tax free" пилоттық жобасының географиялық ауқымы кеңейеді Фото: kazlenta.ru

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды ЕАЭО кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шетелдіктерге қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларына ("Tax free" пилоттық жобасы) өзгерістер мен түзетулер әзірледі.

Құжаттың 2019 жылғы 15 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болатыны жазылған.

"Tax free" пилоттық жобасы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында орналасқан стационарлық сауда объектілерінде "Tax free" жүйесінің операторы мен "Tax free" жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі арасында жасалған "Tax free" пилоттық жобасына қатысу туралы шарт негізінде іске асырылады", - деп жазылған құжатта.

Осылайша бұл тізімге Шымкент қаласы да қосылды.

Бұдан бөлек сатып алушы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының ғимараттарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен өткенге дейін сатып алушыға ресімделген сатып алынған тауарларды, "Tax free" құжаттарын (чектерін), бақылау-касса машинасының чектерін, шет мемлекет азаматының жеке басын куәландыратын құжатты (төлқұжатты) және отырғызу талонын кедендік тексеруге ұсынады деп көрсетілген.

"Сатып алушы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларында Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы тауарларды қарап-тексеру рәсімінен және паспорттық бақылаудан өткеннен кейін "Tax free" жүйесінің операторына Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларындағы халықаралық әуежайларының қону аймағында орналасқан "такс фри" арнайы пошта жәшігі арқылы мемлекеттік кірістер органына қарап-тексеру жүргізу туралы (жеке нөмірлік мөрі) белгісі бар "Tax free" құжатын (чегін) ұсынады немесе жеткізудің өзге де тәсілімен (пошта байланысы) жүзеге асырылады", - делінген бұйрық жобасында.

Құжат көпшілік талқылауда 8 маусымға дейін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу