Таңғы саудада доллар бағасы сәл арзандады

129

Ұлттық банктің 30 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 516,85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,26 теңге. Еуро – 537,68.

Таңғы саудада доллар бағасы сәл арзандады Фото: time.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517-523 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы  521,1 теңге. Еуро 538-542 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы  517 теңге, сатып алу құны  523 теңге. Еуро 538 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19-5,29 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 29 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,73 теңгеге қымбаттап, 516,92 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу