Таяқ жерге тасталды, "Даму бала" басталды

439

Үлгерсең үлгердің, үлгермесең қалдың.

Таяқ жерге тасталды, "Даму бала" басталды Фото: Inbusiness.kz

Соңғы кездері тегін үйірмелерге тіркелу ата-аналар арасындағы кәдімгідей квестке айналып кетті. Сондай жарыстың бірі "Даму бала" сайтында өтті. 33 мыңнан астам қатысушының тек 4,5 мыңы межеден асты. Қалғаны тегін үйірмесіз қалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

4 баланың анасы Әсел үйірмелерге жарыса тіркелуден шебер болып алған. Алайда бұл жолғы таласта, оны, басталмай жатып қатып қалған сайт жүлдесіз қалдырыпты.

"Мен сағат 8.50-де дайын болып, бәрін қосып дайын отырдым. 8.50-де сайт жақсы жұмыс істеп тұрды. 9-да басталды. 2-3 минут сайын жаңағы жаңарып басып-басып соңына дейін менде тіркелуге мүмкіншілік болмады. Бір балаға өзі берілетін бір үйірме. Оның өзін мысалы таласып тармасып алады. Ал мысалы бір отбасыдан 4 бала бар иа мектеп жасындағы 4 балаға қалай тегін үйірмені алады ол ата-ана айтыңызшы? Мен мысалы 1 қызыма ала алмадым кеше", - дейді көпбалалы ана Әсел Есілашева.

Сайтқа бір уақытта 33 мыңнан астам адам қосылды. Содан платформа жүктемені көтере алмай қалды. Бұл "Даму баладағы" қателіктерге қатысты әкімдіктің айтқаны. Үйреніп қалған мәселе, жаттанды түсініктеме. Бірақ Ай-Ти мамандар мұндай себеп айтатын заманнан өттік. Дұрыс платформаны таңдай алмағандар жауапты,деп отыр.

"Платформа ғана емес, таласып-тармасып жеткен үйірмелердің сапасы да ақсап тұр. Содан болар, сабақ кестесіне көңілі толмаған ата-аналардың баласын тізімнен шығарып жіберу оп-оңай екен",- дейді IT сарапшы Олжас Әбішев.

"Физикалық тұрғыда мысалы 5 жастағы қызбен 10-11 жастағы қыздың айырмашылығы жер мен көктей. Оны қалай бір топқа жинағандары маған түсініксіз. Сапасы жағынан балаларға ешқандай көңіл бөлініп жатқан жоқ. Әйтеуір келеді Үкіметтен ақшаны алады болды. 7 жастағы бала жексенбі күні сағат таңертеңнен барады 3 сағат сурет салады екен. 3 сағат жүктемені бала тұрмақ үлкен адам көтермейді", - дейді көпбалалы ана Әсел Есілашева.

Үйірмелер балалар үшін тегін болғанымен, оны мемлекет қаржыландырып отыр. Бірақ ақша құйылып отырған мекеменің сабақ кестесі түгілі ғимараты да тексерілмейтін болып шықты.

"Бізде кез келген бағдарлама осылай, алаулатып-жалаулатып басталады. Бірақ халықпен ақылдаспай бүлдіреді, дейді сарапшылар.1,1 миллиард теңге желініп, жезөкшелер мен сотталғандар сабақ берген Арт спорттың дауы әлі жалғасып жатыр. "Даму бала" да соның кебін кимесе болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу