Таяу Шығыс аймағынан елге 10 мыңнан астам қазақстандық қайтарылды

113

Жалпы алғанда Қазақстанға 10 275 Қазақстан Республикасының азаматы қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таяу Шығыс аймағынан елге 10 мыңнан астам қазақстандық қайтарылды Фото: ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмысы аяқталғанын мәлімдеді.

Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасының өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетті.

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Отанына қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көрсеткен қолдауы үшін мемлекеттік органдарға және шетелдік әріптестерге алғыс білдіреді, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу