Таяу Шығыс туристері Қазақстанды жиі таңдайды

553

Биыл Алматы қаласы араб туристері арасында ең танымал болып отыр. 

Таяу Шығыс туристері Қазақстанды жиі таңдайды Фото: GOV.KZ

БАӘ, Сауд Арабиясы, Мысыр  және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың басқа елдерінде хабар тарататын ZAWYA.com Таяу Шығыстың бизнес басылымы БАӘ туристері маусым айының соңында, Құрбан айт мейрамының 6 күндік демалысында қай елдерге баруды жоспарлап отырғаны туралы мақала жариялады.

Басылым БАӘ туристерінің 80% - ы шетелде демалуды жөн көретінін атап өткен. Бұл ретте, биыл Қазақстанға саяхаттауға сұраныс айтарлықтай өскен. Журналистер мұны жақында Дубайда өткен Arabian Travel Market халықаралық көрмесінде қазақстандық туристік компаниялардың араб туристерін қабылдауды ұйымдастыруға келісімшарт жасағандығымен байланыстырады. Естеріңізге сала кетейік, бұл іс-шарада Қазақстан Таяушығыстық саяхатшылар үшін үздік трендтік дестинация ретінде марапатқа ие болған-тын.

Бұдан басқа, бұрын Қазақстан туралы араб тілінде электронды кітап жазған кувейттік журналист және тревел-блогер Халид Альмутаири Қазақстанның көрікті жерлері туралы араб және ағылшын тілдерінде қосымша шығаруға дайындалып жатыр. Ол KazGo деп аталады.

"Қазақстан араб елдерінің туристерді жоспарлы түрде тартады. Мысалы, осы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан мен БАӘ арасында тікелей рейстер көбейді. Сондай-ақ, еліміз халықаралық көрмелерге белсенді қатысады, ақпараттық турлар аясында танымал тұлғаларды шақырады және B2B-кездесулер өткізеді. Мамыр айының соңында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) және Дохада (Катар) біздің туроператорлар мен жергілікті турбизнестің қатысуымен B2B-кездесулер өтеді", – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу