28 ақпанда Air Astana әуе компаниясының Алматы – Медина, Алматы – Дубай, Алматы – Доха, Астана – Дубай рейстері әуежайға кері қайтарылды. Ал Алматы – Дубай рейсі Дели қаласына бағытталды. FlyArystan әуе компаниясының Ақтау - Дубай рейсі қосалқы әуежайға қондырылды. SCAT әуе компаниясының 28 ақпан және 1 наурыз күндеріне арналған кестесінде бұл бағытта рейс жоқ.
Рейстегі өзгерістерді әуе компанияларының ресми сайттары мен колл-орталықтары арқылы білуге болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу