Таяу Шығыста электр қуатының ажыратылуына қарсы ереуіл өтті

838

Таяу Шығыста электр қуатының ажыратылуына қарсы ереуіл өтті

Таяу Шығыстағы Газа сектордың мыңдаған тұрғыны ереуілге шықты. Олар электр жарығының жиі сөндірілуіне наразы. Айтуларынша, қыстың көзі қырауда электр қуаты тәулігіне 3-4 сағат қана беріледі, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл әсіресе үйін тоқпен жылытатындар үшін қиын соқты. Ашынған халық өздерін тоқтатпақ болған полициямен қақтығысты. Ал, тәртіп сақшылары наразы топты тарату үшін аспанға оқ атты. Негізінде Газа секторындағы электр генераторлары тұрғындарға сегіз сағат бойы жарық жеткізуге қауқарлы. Алайда өткен жылдан бері жағдай нашарлады. Халық биліктегілер артық қуатты жер асты тунелдерін қазуға жұмсап жатқанына сенімді. Аймақтағы Хамас қозғалысы саяси басшысының айтуынша, мәселені шешу үшін Палестина билігімен бірнеше рет келіссөз жүргізген. Алайда ортақ мәмлеге келе алмапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу