Таяу Шығыста қақтығыс басталғаннан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының 88 қызметкері опат болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты, rbc.ru жаңалықтарына сілтеме жасап.
Бұл туралы БҰҰ құрылымында да, өз бетінше де жұмыс істейтін негізгі гуманитарлық ұйымдарды біріктіретін мекемеаралық тұрақты комитет (IASC) басшыларының мәлімдемесінде айтылған.
"7 қазаннан бастап гуманитарлық ұйымдардың ондаған қызметкері қаза тапты. Оның ішінде, БҰҰ палестиналық босқындар жөніндегі агенттігінің 88 қызметкері — бір қақтығыс кезінде тіркелген құрбандарының ең көп саны", - делінген басылымда.
5-ші қараша қарсаңында, БҰҰ палестиналық босқындар жөніндегі агенттігінің қызметкерлері арасында 79 адам құрбан болғаны, сондай-ақ, кем дегенде 24 адамның жараланғаны туралы хабарланды.
IASC Газа тұрғындарын қажетті заттарға қол жетімділіктен айыру және үнемі бомбалау, соның ішінде, баспана мен ауруханаларға соққы беру мүмкін емес екенін мәлімдеді. Комитет халықаралық құқықты сақтауға, кепілге алынғандарды босатуға, инфрақұрылымды қорғауға және гуманитарлық көмек көлемін ұлғайтуға шақырды.