Oilprice.com мәліметінше, 27 қазан таңертең Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 1,05%-ға арзандап, 114,59 долларға дейін түсті.
Америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,97%-ға төмендеп, бір баррелі 100,77 доллар болды.
Ал ресейлік Urals маркалы мұнайдың құны 8,31%-ға өсіп, бір баррелі 115,07 долларға жетті.
Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған дипломатиялық әрекет мұнай бағасына қысым көрсетіп отыр.
Дүйсенбі Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан өкілдері Тегеранда Иранның ресми тұлғаларымен келіссөздер жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша төрт ел бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін диалогты жалғастыруға келісті.
Сондай-ақ, тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін, Израильдің аймақтағы әрекеттерін және Палестина мен Ливандағы соңғы оқиғаларды талқылады.