Таяу Шығыстағы отандастарымызды елге қайтаруға атсалысқан азаматтар марапатталды

359

Олар қиын кезеңде шетелдегі қазақ дипломатиялық миссия өкілдіктерімен бірлесе үйлесімді әрекет етті.  

Таяу Шығыстағы отандастарымызды елге қайтаруға атсалысқан азаматтар марапатталды Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Әсіресе Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс күні-түні тоқтаған жоқ. Ел үкіметінің арнаулы рейстерімен 6 мың адам эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

БАӘ дипломатиялық өкілдіктердің үйлесімді жұмысы мен Әмірліктерді тұрақты мекендейтін ҚР азаматтарының өзара іс-қимылы нәтижесінде 6 мыңнан астам жерлесіміз елге аман-есен қайтарылды.

Рауан Жұмабек бұл ауқымды әрі жауапты эвакуация жұмыстарында белсенділік танытып, отандастарға көрсетілген қаржылай, қонақ үйде орналастыру және медициналық көмектерді ерекше атап өтті. Басым бөлігі араб жеріне туристік мақсатта барып, уақытылы қайта алмай қалғандар. Алдын ала қабылданған шаралардың арқасында барлығымен тұрақты байланыс орнатылып, заңды құқықтары қорғалды.

Қонақүйлерге тегін орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Әмірліктегі Қазақстан елшісі сол кезеңдегі отандастар жайына бей-жай қарамай, жанашырлық танытқан жандармен арнайы кездесіп, ҚР Сыртқы істер министрі атынан алғыс хаттар табыстады.

"Бізде тағам өндірісі болғандықтан, біз ыстық тағам әзірледік. Елшілігіміз оларды әртүрлі қонақүйлерге орналастырған. Біз тамақты жеткізіп, қолдарына ұсындық. Солай басталды. Кейін елшілікпен хабарласып отырдық. Басында 300 болды. Сосын азайды. Барлығы ұшып кетті деген кезде жұмысымыз аяқталды", – дейді кәсіпкер Қаракөз Дүйсенбек.

"Менің жолдасым осындай қиын жағдайда отандастарымызға қол ұшын беруге қуана-қуана келісіп, қолынан келгенше аянбады. Көмектесе алғанымызға өте қуаныштымыз" – деп ағынан жарылды кәсіпкер Орынкүл Мәмиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу