Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият талдағаннан кейін және Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігінің ұсынысы бойынша Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге шешім қабылдады.
"Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгертіліп, ұшу уақыты ұзарады. Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады. Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу