"Барлығы одан әрі өршуден аулақ болу керек екенін біледі. Иран тарапынан Израильге қарсы үлкен шабуыл жасалды және біз оның салдарын білмейміз, бірақ Израильдің жауап беруі ықтимал", – деді ол испандық TVE телеарнасына берген сұхбатында.
Дипломаттың пікірінше, бұл "аймақты үлкен қақтығысқа итермелеуі мүмкін, ал ол өз кезегінде, әрине, мұнай бағасына әсер етеді".
"Оның ең бір ауыр салдары – мұнай бағасының өсуі. Ал одан да ауыры [салдары] біраз жанның араласуын қажет ететін Израиль мен Иран арасындағы ашық соғыс болар еді", – деді ол.