Осыған орай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришті толық қолдайтынын білдірді.
Қауіпсіздік кеңесі таратқан мәлімдемеде "БҰҰ Бас хатшысымен немесе Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарым-қатынас жасамау туралы кез келген шешім, әсіресе Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі жағдайында кері нәтиже береді" делінген.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі елдері "барлық мүше мемлекеттердің (Ұйымның) бас хатшымен жемісті әрі тиімді қарым-қатынас құру және оның жұмысына, сондай-ақ кеңсесінің жұмысына нұқсан келтіретін кез келген әрекеттерден аулақ болу қажеттілігін атап өтті".
Гутерришке Израильге кіруге тыйым салынды, деп жазды Катц X әлеуметтік желісінде.
"Әлемдегі барлық дерлік елдерден бөлектеніп, Иранның Израильге жасаған сұмдық шабуылын сөзсіз айыптай алмайтын кез келген адам Израиль жеріне аяқ басуға лайық емес", – деді министр.