Таяу Шығыстағы террористік ұйымдар қатарында Ресейдің төрт мыңнан аса азаматы жүр. Олардың елге қайта оралуы үлкен қауіп әкеледі. Бұл туралы Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.
"Ресей Федерациясының 4 мыңнан аса азаматы Таяу Шығыс елдеріндегі террористік ұйымдар қатарында қарулы қақтығыстарға қатысып жүр. Олардың елге қайта оралуы үлкен қауіп әкеледі. Елге келген содырлар Ресей территориясында террористік актілер жасауы әбден мүмкін" деп атап өтті Н.Патрушев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу