Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтан соң Үндістан маңызды шешім қабылдады

120

Үндістан көмірден газ өндіру жобасына 4 миллиард доллар бөледі.  

Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтан соң Үндістан маңызды шешім қабылдады Фото: tvbrics.com

Осы арқылы Үндістан сұйытылған газ, аммиак және метанол импортына тәуелділікті азайтуды көздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, бастама Таяу Шығыстағы тұрақсыздық аясында елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуді көздейді.

Ал өндірілетін синтетикалық газ электр энергиясын өндіруге, тыңайтқыш пен мұнай-химия саласына пайдаланылады.

Үндістан жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін көмір өңдеуді көздейді. Бұл үшін салаға шамамен 3 триллион рупий инвестиция тартылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу