Таяу Шығыстан тыныштық кете бастады

1100

Таяу Шығыстан тыныштық кете бастады

Таяу Шығыстан тыныштық кете бастады. Дональд Трамп Иерусалим қаласын Израильдің астанасы деп мойындағаннан кейін палестиналықтар жаппай ереуілге шығып жатыр, деп хабарлайды kazislam.kz.

Иордан өзенінің батыс жағалауында тәртіпсіздіктер белең алған. Мұнда палестиналықтар мен Израиль полициясы қақтығысты. Соңғы мәліметтерге қарағанда 25 адам жараланған. Шеруге шыққан топты тарату үшін полиция көз жасаурататын газ шашты. Ал ашынған жұрт тәртіп сақшыларын таспен атқылаған.

Қақтығыстар Рамалла, Хеврон және Вифлеем қалаларында жүріп жатыр. Ереуілдеген ел көшеде АҚШ жалауын өртеген. Палестина билігі Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындауына наразылық танытқан бейсенбіні жалпыұлттық қарсылық күні деп атады.

"Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындауы Палестинаны кемсіту, шеттетумен тең. Оның мәлімдемесінің ақыры жақсылыққа апармайды. Бұл аймақтың, өзге де халықтардың арасындағы тұрақтылық пен бейбітшілікке қатер төндіреді. Өз мүддемізді қарсылық көрсету арқылы ғана қорғай аламыз", - деді парламент мүшесі Хасан Фадлалла.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу