Таяу жылдары Қазақстанда тауарлық газ өндірісін бірнеше есе арттыру көзделіп отыр

473

Үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды. 

Таяу жылдары Қазақстанда тауарлық газ өндірісін бірнеше есе арттыру көзделіп отыр Фото: inbusiness.kz

Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру, тұрғындарды, өнеркәсіптік нысандар мен коммуналдық қызметтерді отынмен қамтамасыз ету шаралар, сондай-ақ бірқатар басқа да мәселелер талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде таяу жылдары республикада тауарлық газ өндірісі бірнеше есе артуға тиіс екені аталып өтілді. Бұдан бөлек, газ шығынын азайту, оны пайдалану тиімділігін арттыру және есепке алу шаралары қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдар мен мүдделі ұлттық компанияларға саланы дамыту шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу