Республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында Шымкент қаласы да айтарлықтай тазарып қалды. Президент пәрменімен қолға алынған экологиялық шара бүгін еліміздегі үшінші мегаполисте жалғасты. Оған қаланың жастарынан бастап, қарттарына дейін жалпы саны 4 жарым мыңнан астам адам ат салысты. Нәтижесінде 20 мың шаршы метрге жуық көше тазаланып, 5500 дана ағаш әктелді. Сонымен қатар, иригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу