"Таза Қазақстан" акциясы елорданың орталық зиратында жалғасты

323

80-ге жуық жамағат акцияға белсене атсалысуда.

"Таза Қазақстан" акциясы елорданың орталық зиратында жалғасты Фото: uralskweek.kz

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Бүгін Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы орталық зиратқа тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Өткенге құрмет - тіріге міндет" тақырыбында өткен игі шараға қала мешіттерінің имамдары мен белсенділер қатысты.

Жаңа зират Астанадан 20 шақырым жерде орналасқан. 460 гектар аумақты алып жатыр. 80-ге жуық жамағат акцияға белсене атсалысуда.

- Акция аясында зираттың маңындағы құрылыс қалдықтарын тазарттық. Барлығы белсене қатысып жатыр, - дейді Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла Көшқали.

Тазалық діннің басты талабы. Сондықтан бүгінгі шараның маңызы зор.

- Қазақи тәрбие мен имани тәрбиеге мән беретін болсақ, тазалық ол иманнан. Ертеде бабаларымыз үйінің маңайын тазалап, тазалыққа қараған. Соның көрінісі бүгін осында жалғасын тауып жатыр, - дейді республикалық Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу