"Таза Қазақстан" акциясы Қызылордада жалғасты

237

Сыр өңірінен 8 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

"Таза Қазақстан" акциясы Қызылордада жалғасты Фото: www.gov.kz

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Қызылордада 130-мыңға жуық ағаш егілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Экологиялық науқанға жұмылдырылғандар саны 191 мың адамнан асқан. Оның ішінде еріктілер, қоғам қайраткерлері мен бюджет саласының қызметкерлері де бар. Нәтижесінде Сыр өңірінен 8 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ал бүгін облыста "Жасыл ел" жастар жасақтарының кезекті еңбек маусымы ашылды. Биыл жоба аясында 1871 жас маусымдық жұмыспен қамтылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу