"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы Қызылорда облысындағы Ақсуат ауылында жалғасты.
Елдімекен "Батыс Еуропа -Батыс Қытай" автожолының бойында орналасқан.
Сондықтан егілген талдар мен гүлзарлар жол бойына көрік беретін болады дейді ұйымдастырушылар. Жалпы 2000 дана көктерек, жеміс ағашы, қара тал отырғызылды. Көшеттер бірден қоршалды. Ал суару үшін жақында сорғы орнатылады. Осы іс-шараға ауылдан 80-ге жуық тұрғын атсалысқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу