Нәтижесінде 41 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, "Сат Тазалық" ЖШС-не шамамен 1 млн. теңге айыппұл салынды. Нәтижесінде құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Облыс әкімі Дастан Рыспековтың тапсырмасымен абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау жұмыстары күшейтілді. Рейдтік іс-шаралар өткізетін полиция нарядтарының саны артты. Олар күн сайын жеке секторды, көпқабатты үйлердің аулаларын, демалыс орындарын тексереді, тұрғындардан келетін хабарламаларға жауап береді. Сонымен қатар, құқық бұзушылар жедел басқару орталығының бейнекамералар арқылы анықталады.
Халыққа, жеке кәсіпкерлерге, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына іргелес аумақтарды санитарлық тазарту қажеттілігі туралы ақпарат жеткізілді. Ережелер сақталмаған жағдайда, олар бірінші рет ескерту алады. Егер бұзушылық қайталанса, полиция қатаң шаралар қолданады. Кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.