Таза Қазақстан: "Ұзын-Қарғалы" өзенінің маңы қоқыстан тазартылды

265

Бұл күні сенбілікке түрлі салалардың өкілдерінен құралған шамамен 100 астам адам  шықты.

Таза Қазақстан: "Ұзын-Қарғалы" өзенінің маңы қоқыстан тазартылды Фото: Жамбыл ауданының әкімдігі

"Таза Қазақстан" экоакциясы аясында "Ұзын-Қарғалы" өзенінің маңын қоқыстан тазарту жөніндегі іс-шара өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарғалы – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. Қарғалы ауылдық округінің әкімшілік орталығы және жалғыз елді мекені. Алматы қаласынан батысқа қарай 50 км жерде, "Ұзын-Қарғалы" өзенінің жағасындағы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Ұзын-Қарғалы өзені тау шатқалымен ағып, Іле Алатауы тауларынан бастау алады. Өзен өте үлкен және кең.

Ұзын-Қарғалы шатқалы мен өзені жергілікті туристер арасында өте танымал. Биіктік айырмашылығы теңіз деңгейінен 500-ден 1600 метрге дейін. Шатқалдағы таулардың максималды биіктігі - 4300 метр, ұзындығы 2 км-ге дейін 9 мұздық бар.

Бұл күні сенбілікке түрлі салалардың өкілдерінен құралған шамамен 100 астам адам  шықты. Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, жастар, бизнесмендер, спортшылар, этномәдени бірлестіктер мен еріктілер  "Ұзын-Қарғалы" өзенінің маңы тазартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу