"Таза Қазақстан": Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойынан кейін ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді

400

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған ауқымды шарадан кейін Алматы облысындағы "Көкбастау" атшабары аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Таза Қазақстан": Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойынан кейін ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді Фото: Алматы облысының әкімдігі

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткен акцияға еріктілер, жастар және мерейтойға жиналған тұрғындар қатысты. Нәтижесінде 10,65 гектар аумақ тазартылып, 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 

Мерекелік шара кезінде санитарлық жағдайды қамтамасыз ету үшін аумаққа 80 биодәретхана мен 150 қоқыс жәшігі орнатылған. Ал тазалық жұмыстарына 500 адам, үш қоқыс тасымалдайтын көлік және қосымша арнайы техника жұмылдырылды.

Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы көліктерге тиеліп, полигонға жеткізілді. Осылайша, мерекелік шара өткен аумақ толықтай тазартылып, ретке келтірілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, абаттандыру және тазалық жұмыстары алдағы күндері де жалғасады. "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы шаралар қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу