"Таза" жалақы мөлшері бойынша рейтингте Қазақстан 80-орында тұр

1362

Рейтингте салық төлегеннен кейінгі жалақы есептелген.

"Таза" жалақы мөлшері бойынша рейтингте Қазақстан 80-орында тұр

"Таза" жалақы мөлшері бойынша рейтингте Қазақстан 106 елдің арасында 80-орында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың жалақысы – 414,29 доллар (176 мың 15 теңге, 1 доллар – 425,16 теңге). 

Ең жоғары жалақы Швейцария (5854,34 доллар немесе 2 млн 489 мың 28 теңге), Сингапур (4110,25 доллар немесе 1 млн 747 мың 511 теңге), Аустралияда (4097,48 доллар немесе 1 млн 742 мың 82 теңге), ең төменгі жалақы – Шри-Ланкада (140,48 доллар немесе 59 мың 726,4 теңге).

ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда Ресейде (884,14 доллар немесе 375 мың 900 теңге), Украинада (512,66 доллар немесе 217 мың 962 теңге), Арменияда (420,68 доллар немесе 178 мың 857 теңге) жалақы жоғары.

Еңбекақы Қазақстанмен салыстырғанда Молдовада (387,9 доллар немесе 164 мың 919 теңге), Беларусьте (363,76 доллар немесе 154 мың 656 теңге), Әзербайжанда (323,44 доллар немесе 137 мың 514 теңге), Өзбекстанда (277,73 доллар немесе 118 мың 80 теңге) төмен.

Биыл бірінші тоқсанда елімізде атаулы орташа айлық жалақы 285,4 мың теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,7%-ға артық. Жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсуі – 12,7%.

2021 жылы ұқсас кезеңде орташа айлық жалақы 230,8 мың теңге болды, бір жылда плюс 15,2%.

Ең жоғары атаулы жалақы дәстүрлі түрде Атырау облысына тиесілі: 477,9 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 17,8% артық. Мұнда жалақы елдегі орташа көрсеткіштен 67,4%-ға жоғары.

Екінші орында Маңғыстау облысы тұр: 416,2 мың теңге, бір жылда плюс 20,9%. 

Үздік үштікті Нұр-Сұлтан қорытындылайды: 366,5 мың теңге, бір жылда плюс 19,2%. 

Алматыда орташа айлық жалақы 327,5 мың теңге болды.

Ең төменгі атаулы жалақы Солтүстік Қазақстан облысында: 203,4 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық. Бұл Қазақстандағы орташа көрсеткіштен 28,7%-ға төмен.

Ең көп жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында: 619,4 мың теңге, Қазақстандағы орташа көрсеткіштен 2,2 есе көп. Жылдық өсім – 21,5%.

Үздік үштікке қаржы және сақтандыру (521,1 мың тең, бір жылда плюс 23,8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет сегменті (416,4 мың теңге, бір жылда плюс 20,4%) енді.

Ең төменгі жалақы АӨК-те (144,1 мың теңге), сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс саласында (169,6 мың теңге) және сумен жабдықтауда (170,8 мың теңге).

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу