Тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы іске қосылды. Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылатын болады, деп хабарлайды nationalbank.kz.
Алтын құймаларды ЕБД клиентке "күнбе күн" ақша төлеу арқылы кері сатып ала алады. Бұл олардың өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.
Бағдарламаға қатысатын алтын құймаларды Қазақстан теңге сарайы 10, 20, 50 және 100 грамм болып төрт түрде дайындады. Мысалы, 10 грамдық құймалар күрең қызыл, 20 грамдық – жасыл, 50 грамдық – көгілдір түсті арнайы ораумен және 100 грамдық құймалар – алтын түстес ораумен ұсынылды.
Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың тегіс беті, микромәтін және бедерлі қыр), құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы ораумен шығарылады.
Банктің мәліметінше, қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан, құйманы ұқыптау сақтау және орауын ашпау қажет.