"Еуразиялық банк" АҚ халыққа тазартылған алтын құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Еуразиялық банктен алтын құймаларын Астана, Алматы, Өскемен және Атыраудан сатып ала аласыз.
Бағдарламаға қатысатын алтын құймалары Қазақстан теңге сарайымен жасалған және төрт түрде ұсынылған: 10, 20, 50 және 100 грамм. Әр құйма механикалық зақымданудан аулақ болуға көмектесетін арнайы қаптамаға салынған. Құймаларда және қаптамада қорғаныш элементтер бар және олар актив сапасының сертификаты болып табылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу