Тазартылған алтын өндіру бір жылда 9%-ға өскен

2129

Биылғы жылдың қаңтар-тамызында алтын кенін өндіру көрсеткіші былтырғыдан бірден 19%-ға асып түскен. 

Тазартылған алтын өндіру бір жылда 9%-ға өскен

Елімізде алтын өндіруде өсім байқалады.Energyprom.kz-тың хабарлауынша, биылғы жылдың сегіз айында алтын кенін өндіру –ға артып, 16,4 млн тонна болған. Былтырғы жылдың тап осындай кезеңінде 13,8 млн тонна өндіріліп, өсім 11,8% болған еді.

Алтын сұранысқа ие металл екенін атап кету керек. Бүкіләлемдік алтын кеңесі мәліметінше, бірінші тоқснада алтынға деген әлемдік сұраныс 1123 мың тонна болған. Бұл былтырғыдан 8 пайызға артық.

Осыған сәйкес саладағы өндірістің өскені де байқалады.

Жалпы 2018 жылы елімізде 100,3 тонна өңделген және жартылай өңделген алтын шығарылған.

Алтын өндірудегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – "Тау-Кен Самұрық" АҚ. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, компания 22,7 мың тонна тазартылған алтын шығарған. 2019 жылы өндірісті 25 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Ал биылғы жылдың қыркүйегінде "Тау-Кен Алтын" тазартылған алтын шығаратын зауыт Лондондағы қымбат металдар нарығы қауымдастығының GoodDelivery сертификатын алды.

Қазақстан алтын қоры бойынша 14-орында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу