Тәжік әскери қызметкері Қырғызстанмен шекарада атыс кезінде қаза тапты

528

Тәжік-қырғыз шекарасындағы таңертеңгі атыстан кейін Исфара ауруханасына бірнеше адам жеткізілді, бір әскери қызметкерді құтқару мүмкін болмады.

Тәжік әскери қызметкері Қырғызстанмен шекарада атыс кезінде қаза тапты

Бір тәжік шекарашысы өлтіріліп, екеуі Қырғызстанмен шекарада атыс салдарынан жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап.

"Зардап шеккендер реанимация бөліміне жеткізілді. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында", – деді ақпарат көзі.

Бұған дейін Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қырғыз шекарашылары бірінші болып оқ жаудырып, минометтен тәжік заставасына қарай 4 оқ атқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу