Тәжік-қырғыз шекарасындағы оқиғаның себебі тексерілуде

850

Тәжік-қырғыз шекарасындағы оқиғаның себебі тексерілуде

Тәжікстанның шекара қызметі қырғыз әріптестерінің тәжік шекарашылары даулы аймаққа өтіп, оқ атты деген ақпаратты теріске шығарады. Оқиға 28 қараша күні таңертең Баткен облысында орын алған, деп хабарлайды Baq.kz.

centralasian.org-тың дерегінше, Тәжікстанның мемлекеттік шекара қызметі 30 қарашада таратқан ресми мәлімдемесінде тәжік шекарашыларының Қырғызстанның шекара қызметінің өз аумағындағы көлікті тоқтатқанын, біраздан соң екі тараптан дау шыққанын, көлік Қырғызстан аумағына қарай еніп кеткені айтылған.

Осыдан кейін қырғыз шекарашылары 16 рет оқ атты, оларға жауап ретінде тәжік шекарашылары үш рет ауаға оқ атты, ешкім зардап шекпеді делінген мәлімдемеде.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі екі тарап өкілдері оқиғадан кейін тез арада кездескенін хабарлайды.

"Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап та оқиғаның себебін тексеруге келісті. Мұнан бөлек қырғыз әскері даулы аймақты бастапқы бағыт бойынша күзетуді жалғастырады, онда Тәжікстан шекарашыларының қозғалысы шектеледі – оларға шартты шекараға 100 метрдей жақындауға тыйым салынады", – деп атап өтеді қырғыз шекара қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу