Тәжікстан көрші Ауғанстаннан 100 мыңдай босқынды қабылдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Ауғанстаннан америкалық әскер шығарылғаннан кейін, елдегі шиеленіс өршіген болатын.
Тәжікстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет басшысының орынбасары Имомали Иброхимзоданың айтуынша, жергілікті билік Хатлон және Таулы Бадахшан облыстарында босқындарға қажет гуманитарлық тауарлар сақталатын екі үлкен қойма салып жатыр.
Reuters дерегі бойынша, осы айда жүздеген ауғанстандық Тәжікстанға бас сауғалап қашқан еді. Бірақ ресми Душанбе кейін олардың Ауғанстанға оралғанын мәлім етті.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу