"Мен басқыншылардың жағында халықаралық экстремистік террористік ұйымдардың өкілдері, шет елден келген жалдамалылар болды деп айта аламын", - деді Иманқұлов дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, кейбір шекарашылар, адамдарды эвакуациялауға көмектескен ТЖМ әскери қызметшілері азаптау арқылы өлтірілген.
"Бұған дейін мұндай жағдайды кездестірмедік. Осы соғыс қимылдарына экстремистік террористік ұйымдардың өкілдері қатысқандығын анықтадық", - деп толықтырды Иманқұлов.
Ол сондай-ақ "біздің аумаққа басып кірген тәжік Қарулы Күштерінің жағында сақалды, қолында қаруы бар азаматтық киім киген, бейбіт азаматтарға жан-жақтан оқ жаудырған адамдар болды" деді, мәлімдеме қолда бар бейнематериалдармен растап отыр.
"Бейбіт халықты атқылаумен қоймай, сақалдылар біздің азаматтардың үйлері мен дүкендерін өртеп, тонаушылықпен айналысқан", - деді Иманқұлов.
Қырғыз Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы аталмыш адамдардың арасынан ауғанстан азаматы анықталғанын, Ауғанстан бұл ақпаратты растағанын хабарлады.
Сонымен қатар, Иманқұлов қырғыз шекарашыларының Тәжікстанға қарсы барлық әрекеттері "алдын-ала дайындалған және агрессияны тудырған" тәжік тарапының әрекеттеріне жауап ретінде тек қорғаныс сипатында жүргізілгенін айтты.
Динара Мұрат