Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында сыртқы саясат ведомстволары басшыларының отырысында Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мухриддин ШЫҰ сияқты аймақтық ұйымдар БҰҰ-ның қауіп-қатерге қарсы күш-жігерін толықтыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы Ауғанстандағы жағдайға тікелей байланысты екенін айтқан болатын. Тәжік көшбасшысы Ауғанстан жағдайын "әлемдегі ең ірі жалпыадамзаттық дағдарыс" деп атады және әлемдік қауымдастықты Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көлемін арттыруға шақырды. Ол Тәжікстан бұл бастаманы логистикалық қолдау үшін қажетті жағдайлар жасағанын атап өтті.