Тәжікстан азаматтарының тіркеусіз жүру мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды

797

Мәжіліс екі жақты келісімді ратификациялады. 

Тәжікстан азаматтарының тіркеусіз жүру мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды

Биыл екі азаматтығы бар 15 мыңнан астам адам анықталды. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Анықталған азаматтардың 555-і жауапқа тартылған. 102 адам елден шығарылып, қалғаны айыппұл төлеген.  Осыған орай екі азаматтыққа қатысты заңды күшейту ұсынылды.   

Айта кетейік биылғы жылдың 11 айында елімізге бір ғана Тәжікстаннан 492 мың азамат келген. Оның тек 56 мыңы ғана тіркелгені анықталды. Елге заңсыз келген тәжік азаматтары 59 қылмыс жасаған. Қазіргі уақытта олардың екі азаматтығы барлары тексерілу үстінде.

Елде заңсыз жүрген тәжік азаматтарының артуына байланысты мәжіліс екі жақты келісімді ратификациялады. Соған сай Қазақстан мен Тәжікстан азаматтарының екі ел аумағында тіркеусіз жүру мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды. Сондай ақ жұмыс бабымен 90 күнге дейін ел аумағында болуға рұқсат етілді.

Заң жобасын таныстырған ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жаңа заң жобасына сәйкес бірыңғай электронды база құрылады деді.  Бірыңғай база елде қанша тәжік азаматы жүргенін анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, екі жақты жасалған келісімге сай екі азаматтық алған жағдайда бірден көші-қон полициясына хабарланатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу