Тәжікістаннан Қазақстанға оқу-жаттығу турымен Тәжікістан Республикасы парламенті, энергетика және су ресурстары министрлігі, әділет министрлігі, заңнама жөніндегі Ұлттық орталық, ЕҚЫҰ-ның Душанбе қаласындағы бағдарламалар кеңсесі уәкілдерінен тұратын делегация келді, деп хабарлайды "ТКШ Қазорталығы" АҚ-дан
Сапардың мақсаты энегия үнемдеуге қатысты сұрақтарды талқылау және "жасыл" технологиялар бойынша қазақстандық тәжірибемен танысу.
Оқу-жаттығу туры аясында тәжік делегациясы "ТКШ Қазорталығы" АҚ-
энергияны үнемдейтін ғимараттың принципі бойынша жасалынған және энергия үнемдейтін технологиялар мен материалдарды қолдану арқылы салынған Энергияүнемдеу орталығына барды.
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы" ("ТКШ Қазорталығы" АҚ-ның еншілес ұйымы) ЖШС-нің бас директорының бірінші орынбасары Досан Құрманов Орталықты жылыту үшін энергияны тұтыну стандартты ғимаратпен салыстырғанда 30% аспайды деп хабарлады. Мұндай үнемдеуге қабырғалардың жылу оқшаулауды тиімді пайдалану және күн, жел және жер энергиясын тиімді пайдалану жолымен қол жеткізіледі.
Тәжікістан оқу-жаттығу туры негізгі мақсаты "жасыл" бастамаларды насихаттауға көмектесу болып табылатын "Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы" және "Жасыл" экономика және G-Global дамыту Коалициясы" ЗТБ-мен ұйымдастырылды. Бүгінгі күні Коалиция халықаралық әріптестік қарым-қатынас орнатып, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Германия секілді елдерде "жасыл экономиканың" қағидаттарын ұстанатын ұйымдармен бірге бірлескен семинарлар ұйымдастырып, тәжірибе алмасып тұрады.