Тәжікстан электронды темекіге толық тыйым салмақ

107

Бұл бастама Тәжікстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы – Маджлиси миллидің кезекті сессиясында көтерілді.   

Тәжікстан электронды темекіге толық тыйым салмақ Фото: Российская газета

Тәжікстанда электронды темекіні пайдалануға, өндіруге және таратуға заңнамалық тыйым енгізу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Палата төрағасы Рустам Эмомали ұлттың гендік қорын қорғау және электронды темекінің, әсіресе жастар мен жасөспірімдер денсаулығына тигізетін зиянының алдын алу мақсатында тиісті комитеттерге нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, электронды темекіні пайдалану, өндіру және айналымын шектеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірлеу көзделіп отыр.

Медицина мамандарының қорытындысына сәйкес, электронды темекіні шамадан тыс қолдану тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары және өкпе ауруларының дамуына, соның ішінде қатерлі ісіктің ауыр түрлеріне әкелуі мүмкін екені атап өтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу