Тәжікстан Қазақстанға 315 млн м3 суармалы су беретін болды

1105

Қызылорда мен Түркістан облыстарына Тәжікстаннан қосымша 300 млн текше метрден астам суармалы су келетін болады. Мұндай уағдаластыққа қос елдің сала министрлерінің кездесуінде қол жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Тәжікстан Қазақстанға 315 млн м3 суармалы су беретін болды

"Биылғы жылы Сырдария өзенінің бассейніндегі су тапшылығына байланысты күрделі су жағдайы қалыптасты. Осыған орай ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Душанбе қаласында Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Д.Джумамен кездесті. Оның барысында тәжік тарапымен "Бахри Точик" су қоймасынан биылғы жылғы маусым-тамыз аралығында 315 млн текше метр суды қосымша ағызу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - делінген министрлік ақпаратында.

Мәлім етілгендей, бұл көлем Түркістан және Қызылорда облыстарында вегетациялық кезеңде суармалы су тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

"Түркістан және Қызылорда облыстарының қажеттіліктері үшін Сырдария өзені бассейніндегі су жағдайының қиындығын ескере отырып, тәжік тарапы Қырғызстан Республикасы Тоқтоғұл су қоймасынан ағызатын су көлемінен басқа, маусымнан тамызға дейін "Бахри Точик" су қоймасынан қосымша 315 млн м3 су жеткізуге келісті. Қазақстан өз кезегінде Тәжікстанға "Бахри Точик" су қоймасының қосымша жұмыс істеуінің теріс салдары туындаған жағдайда материалдық-техникалық қолдау көрсетеді", - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу