Тәжікстан Қазақстанға 6 мың тонна пияз жеткізеді

Қазақстандықтар айына шамамен 25-30 мың тонна пияз тұтынады. 

Тәжікстан Қазақстанға 6 мың тонна пияз жеткізеді Фото: Azattyq Ruhy

"QazTrade" cауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Нұралы Бөкейханов бастаған қазақстандық бизнес-делегацияcы мен сауда желілерінің өкілдері Қазақстан нарығына ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу туралы келісімдерге қол жеткізу үшін Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды.

"Хатлон облысы төрағасының м.а. Давлатали Саидпен кездесуде Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселелері талқыланды. Нәтижесінде маусымаралық кезеңде 6 мың тонна көлемінде ерте пиязды кепілдендірілген түрде жеткізу келісімдеріне қол қойылды. Тәжік тарапы бізге өнімдерді темір жол арқылы тасымалдауға тарифтік жеңілдік жасап отыр", – деді Нұралы Бөкейханов.

Сондай-ақ, ол Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізудің қосымша көлемі пысықталып жатқанын атап өтті.

Жұмыс сапары барысында қазақстандық бизнес-делегация өкілдері пияз егілген алқаптарды қарап шықты. Тәжікстанның ауылшаруашылық өндірушілері сапалы өнімді уақытылы жеткізуге уәде беріп отыр. Хатлон облысында пияз жинау сәуір айының ортасында басталады. Бұл әлеуметтік маңызы бар өнім қазақстандық сөрелерге сәуір айының соңы мен мамыр айының басында түседі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар айына шамамен 25-30 мың тонна пияз тұтынады. Елімізде осы өнімнің қоры бүгінгі күні 152,4 мың тоннаны құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда пиязға ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында көршілес елдерден ауыл шаруашылығы өнімінің жаңа өнімі түскенге дейін үш ай мерзімге экспортқа уақытша тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу