Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.
Сағат 11:15-те тәжік әскерилері Баткен облысындағы ауылды минометпен атқылаған. Қарсы тарап үш миномет бригадасымен оқ жаудырған.
Қырғызстан Шекара қызметінің бөлімшелері бұл шабуылдарға тойтарыс беруде.
Айта кетейік, бұған дейін сағат 8.50-де тәжік тарапы Баткен облысындағы Паскы-Арық елді мекенін минометпен атқылағанын хабарланған. Сағат 8.55-те әскер іс-қимыл тоқтатылды.
Еске сала кетсек, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс 16 қыркүйек таңертең басталды. Тараптар бір-біріне әскери техника қолданды деп айыптауда. Оның ішінде ауыр техниканы қолдану деректері де бар. Кейін Қырғызстанның шекара қызметі екі ел басшылары атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Бірақ бірнеше сағаттан кейін тараптар уағдаластықты бұзды.
Құралай Құдайберген