Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында атыс болды

115

Қазіргі уақытта шекарадағы жағдай қалыпты екені айтылған. 

Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында атыс болды Фото: zamin.uz

Сәрсенбі күні тәжік-ауған шекарасында қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Тәжікстан билігі лаңкестердің елге 23 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30-да кіргенін, оларды таңғы сағат 11:15-те анықтағанын хабарлады. 

"Лаңкестер тәжік шекарашыларының бұйрығына бағынбай, қарулы қарсылық көрсетті. Олар шекара бекетінің біріне шабуыл жасамақ болған", – деп хабарлады Тәжікстан шекара қызметі.

Атыс салдарынан үш ауғандық лаңкес және екі тәжік шекарашысы қаза тапты. Қазіргі уақытта шекарадағы жағдай қалыпты екені айтылған.

Тәжікстан шекара қызметінің дерегінше, Ауғанстаннан келген қарулы топ соңғы бір ай ішінде шекарада үшінші рет атыс шығарған. Қараша айының соңында ел аумағы ауған тарапынан екі рет атқылауға ұшыраған. Салдарынан Қытайдың бес азаматы қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу