Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жер сілкінді

333

17 қарашада Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасына жақын жерде магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жер сілкінді Фото: ЖИ

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 19:59-да тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 37,51 градусы мен шығыс бойлықтың 71,08 градусы тұсында орналасқан. Магнитудасы 4,2, энергетикалық класы 10,2 болған.

Еске салайық, бұған дейін Перу жағалауында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу