Тәжікстан мен Өзбекстан америкалық әскери базаларды орналастырмайды

796

Бұған дейін The Wall Street Journal газеті АҚШ осы елдерге әскер орналастыруды көздеп отыр деп хабарлаған еді.

Тәжікстан мен Өзбекстан америкалық әскери базаларды орналастырмайды

Тәжікстан мен Өзбекстан америкалық әскери базаларды орналастырмайды, деп хабарлайды Inbsuiness.kz РФ президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Замир Кабуловтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Біріншіден, тәжік және өзбек серіктестерімізге ресми түрде АҚШ-тан мұндай ұсыныс түспеген. Екіншіден, олар мұндай бастаманың мүмкін емес екенін білдірген. Тәжікстан ҰҚШҰ-ның мүшесі және мұндай шешімдерді ұйым мақұлдауы керек. Өзбекстанның Ресеймен арадағы стратегиялық серіктестігі бар, оның үстіне бұл елде шетелдік әскери базаларды құруға тыйым салатын заң қабылданды", – деді Кабулов.

Бұған дейін The Wall Street Journal өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ Ауғанстаннан шығарылған әскерлерді Орталық Азия елдеріне орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын. Нақтырақ айтқанда, Өзбекстан мен Тәжікстан елдеріне көшірілетіні жарияланған.

Табиғат Нұрболат 

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу